Тоқаев Ұлттық банктің функцияларын өзгертті

Көркем Алдабергенова 30 окт. 2025 15:20

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің функцияларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы ереженің (…) 14-тармағында (функциялар – ҚазТАГ): 35-тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; сондай-ақ 49-тармақшадағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер дәл осы тіркеспен алмастырылсын», – делінген Тоқаевтың жарлығында.

Өзгерістер 20 қарашадан бастап күшіне енеді.


Рекомендовать
Последние новости