Оның айтуынша, Жер реформасы жөніндегі комиссия 11 шешім қабылдаған.
"Бүгінгі талқыға салынатын заң жобасы ерекше маңызды. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы бұл заң барлымызға ауыр тиді. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар қазақ халқының ділін, менталитетін түсінбей «жерді сатайық» деп шыға келді. Халық оған қарсы болып, мінезін көрсетті. Мұны Елбасы көріп түсінді. Ол арнайы комиссия құрды. Құрылған жер комиссиясы бұл мәселені бірнеше ай ақылдасып, талқылап 11 шешім қабылдады. Бүгінгі заң жобасында сол комиссияның шешімдері дайындалды", - деді ол.
Сондай-ақ, ол осы комиссияның құрамында жұмыс істегенін тілге тиек етті.
"Кейін комиссияның осында отырған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандарымен бірге осы заң жобасын дайындадық. Бұл жерде алғысымды білдіргім келеді. Үлкен күрделі жұмыс атқарылды. Заң бойынша біз қабылдаған хаттамаға 100 пайыз cәйкес келеді. Оған мен кепіл беремін. Өзім де осы жұмысқа қатыстым", - деді Мұхтар Тайжан.
Ал Конституцияның 26-бабына қатысты Мұхтар Тайжан былай деді:
"Конституциядағы өзгерістерге сәйкес 26-бап өзгерейін деп жатыр. Менің ойымша, осы бапты сол қалпында қалдыру керек. Өйткені, бұл ұсыныс өте күмәнді. Латифундистерге осы заңның ішінде нақты нормалар бар. Оны Ерлан Нысанбаев (ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі автор) айтып кетті. Яғни бір адамға немесе бір фирмаға берілетін жердің көлеміне шектеу болады. Ол өте маңызды. Өйткені, латифундизм деген ұғымды біз жойып тастауымыз керек. Жер халыққа тимей ауылда жұмыссыздық болады. Сондықтан біз оған арнайы назар аудағанымыз жөн. Жер тек Қазақстан азаматтарына ғана беріледі".
https://www.youtube.com/watch?v=zcJ_vHuL_Pg&feature=youtu.be