Тәуелсіздік ұрпақтарының портреті ұсынылды

Dalanews 23 дек. 2021 07:50 799

2013 жылдан бастап «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар ортасындағы жағдайға арналған кешенді сараптамалық құжатты жариялап келеді. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаралған тоғызыншы шығарылым таныстырылды.

Атап айтқанда, ғылыми баяндама авторлары жастар дамуының демографиялық, денсаулық сақтау, білім және ғылым, экономика, қоғамдық-саяси процестерге қатысу және 10-20-30 жыл аралығындағы мемлекеттік жастар саясатын даму сияқты маңызды параметрлерін қарастырды. Сондай – ақ, «Тәуелсіздік ұрпақтарының портреті», «Жастар статистикасы» және «Тәуелсіздік жетістіктеріне жастардың көзқарасы» атты арнайы иллюстрациялық бөлімдер ұсынылды.

Қазіргі қазақстандық жастардың әлеуметтік жағдайы мен көңіл-күйінің көрнекі бейнелерінің бірі – Тәуелсіздік ұрпақтарының портреті деп айтуға болады. Мәселен, портретте жастардың даму көрсеткіштері денсаулық, білім, құндылықтар, экономика және саясат сияқты маңызды салаларда көрініс тапқан.

Мысалы, жас ұрпақтың денсаулығы бағытында келесі тренд байқалады. Сауалнамаға қатысқан жастардың көпшілігі, атап айтқанда 72,3%-ы өзін толық саумын деп санайтынына қарамастан, тек 44,8 пайызы ғана профилактикалық тексеруден өтеді.


Өкінішке орай, олардың үштен бірі – 34,5%, репродуктивті денсаулық туралы ақпаратты интернеттен біледі. Бұл ретте жастарды бұқаралық спортқа тарту үдерісінде оң динамика байқалады – жастардың 60,9 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.

Білім беру саласына келетін болсақ, қазіргі уақытта жастардың 50,8%-ы дәстүрлі оқыту форматы қызықты әрі ыңғайлы деп санайды. Ғылым саласында да оң динамика байқалады: соңғы 9 жылда 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны 21%-ға артқан (2011 жылғы 6,4 мың адамнан 2020 жылы 8,1 мың адамға дейін).

Зерттеудің негізгі бағыттарының бірі бірі экономикалық мінез-құлық ерекшелігі болып табылады. Бүгінгі күні жас қазақстандықтар жалақы деңгейі (52,3%) бойынша жұмысты таңдайды. Жастардың немесе олардың отбасыларының 49,5%-ында тұтынушылық немесе ипотекалық несие түрінде қаржылық міндеттемелер бар.

Өткен жылдардағыдай жастар арасындағы басты құндылық – отбасы 82,5%, екінші орында – денсаулық (45,6%), үшінші орында – достық (23,1%) орналасқан. Әрбір бесінші жас қазақстандық (20,7%) – басты құндылық ретінде материалдық қамтамасыз етілген өмірді атап өткен. Негізгі құндылықтар соңғы 5 жыл бойы өзгеріссіз қалуда. Жалпы, жастардың 47,3%-ы болашаққа сеніммен және оптимизммен қарайды.

Бүгінгі таңда қоғамның саяси-экономикалық және әлеуметтік құрылымын айқындайтын, одан әрі даму мен жаңа өзгерістердің ұйытқысы ретінде әрекет ететін күштің тұлғасы – жастар. Ал бұл Портрет жастардың бүгінгі күні қалай өмір сүретінін көруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға мен іске асыруға сапалы әсер ете алады.

Рекомендовать
Последние новости