Тасмағамбетов әлемдегі жаңа қауіп-қатерлерді атады

Қаракөз Амантай 08 нояб. 2024 10:27 5846

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде өткен ТМД елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-отырысына қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұйымның мәліметінше, Тасмағамбетов әлемдік және ҰҚШҰ шекараларындағы бірқатар қауіп-қатерге назар аударған.

  • Батыс Еуропа аумағында алыс қашықтықтағы қаруды орналастыру туралы қабылданған америкалық-германдық шешім құрлықта және тұтастай алғанда, әлемде ядролық-зымырандық қаруланудың қайта жандану қаупін тудырған;
  • Беларусь пен Ресей Федерациясының шекараларында НАТО қарулы күштері мен ақпараттық соғыс орталықтарының шоғырлануы жалғасып жатыр. Финляндия мен Швеция Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылғаннан кейін стратегиялық жағдай нашарлаған;
  • Ресеймен қарулы қақтығысты жалғастыру үшін Украинаға экономикалық, қаржылық және әскери қолдау артып барады. Үлкен аумақтарда, соның ішінде ұрыс аймағынан тыс жерлерде апатты салдарға әкелетін атом электр станцияларындағы төтенше оқиғалардың қаупі бірнеше есе артқан;
  • Жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдаланудың қарқынды дамуы, өлімге әкелетін автономды қару жүйелерінің (LAWS) жаппай өндірісі және оларды пайдалануды нақты реттеудің жоқтығы сияқты халықаралық тұрақтылыққа қатысты мәселелер күшейе түскен.

Сондай-ақ ол ҰҚШҰ-ның ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдап жатқанына сендірді.


Рекомендовать
Последние новости