Тәртіп қажет

Dalanews 04 мая 2018 09:44 878

Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА 155/16 колонияларының бірінде колония қызметкері сотталушыға ұялы телефон сатып, ақшасын алмағаны жайлы факт анықталған-ды. 



Осы оқиға бойынша бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыныс жолданған болатын, ұсыныста қамауда ұсталғандарды апта сайын медициналық қарауды және камерада бейнекамерамен жабдықтау туралы көрсетілген.

Департаменттің мәліметі бойынша, 2016 жылы сотталғандардың және олардың туыстарының Қылмыстық-атқару жүйесінің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері үшін 5 өтініш келіп түскен, ал 2017 жылы өтініштер саны 16 есе болса, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 17 өтінішке өскен.

Осы және өткен жылдардағы талдау барысында, Ұлттық бюросына және прокуратура органдарға қамауға алынған және сотталғандардың шағымдар көбейген. Оларға психологиялық және физикалық қысым көрсету фактілері бойынша арызданған.

Дегенмен, бұндай шағымдар біраз уақыт өткеннен кейін келіп түседі, ол уақытта алынған жарақаттардың жазылып кетуіне байланысты құжаттарды растау немесе бас тарту мүмкін емес.

– Бас бостандығынан айырылғандар шектеулі кеңістікте, яғни есік, терезесі торланған тар бөлмеде орналасқандықтан. өз жағдайларын жақсарту үшін түрлі заңсыз әрекеттерге барады. Сотталғандар және олардың туыстары заң қағидаларын елемейді. Біз сіздермен бірге қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жоюға тиіспіз, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы Нұрғисаев Серікбай.

Жиында сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің  басшысы Данияр Тұрғанбаев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстары жайлы түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан олардың кез-келген алғышарттарын басу үшін шешуші шараларды қолдану керектігін айтты.

– Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуымыз керек, сондықтан түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Өйткені, ешкім тар қапаста отырғысы келмейді. Өкінішке орай, көптеген мысалдар бар. Үш мың теңгеге уәкілетті адамдар өздерінің жұмыс орындарынан, мүліктерінен айырылды, ал кейбіреулері өз бостандығынан айырылды. Ендеше, әрқайсымыз өзімізден бастағанымыз жөн болар. Түрмелерде бейнекамералардың санын көбейтуді, аптасына бір рет медициналық сараптама жүргізіліп тұруын тапсырдық, – деді ұлттық бюро бастығы.

Кездесу барысында Алматы және Алматы облыстарындағы Азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық алдын алу механизмінің (ҰПМ) басшысы Игорь Мирошниченко сөз сөйледі. Ол түрмелерде сотталғандарға қатысты зорлық-зомбылықты қолдануға болмайтындығын түсіндірді.

Қорытындылай келе, әділет полковнигі Бақытжан Садыбеков, Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы көтерілген барлық мәселелерді бақылауғаалуға уәде берді.

Айта кету керек, жыл сайын «Transparency International» халықаралық үкіметтік емес ұйымы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша елдердің рейтингін құрастырады. Индекс 0-ден (жемқорлықтың өте жоғары деңгейі) 100-ге дейін (жемқорлықтың өте төмен деңгейі) бағалау болып табылады. Осылайша, 2018 жылдың ақпан айында жарияланған Қазақстан 180 мемлекеттен 122-орынды иеленіп, 100-ден 31 ұпай жинап алды. Бір жыл бұрын Қазақстан 131-орында, 29 ұпай жинаған болатын.

Балжан ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Алматы облысы.

Рекомендовать
Последние новости