"Суға батып кеткен": Шри-Ланкада 16 жастағы Қазақстан азаматы көз жұмды

Азамат Қойшығара 11 мар. 2024 16:14 2031

Шри-Ланка ауруханасында 16 жастағы Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, марқұмның денесін елге әкелу үшін әуе компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. 

«10 наурызда біздің Үндістандағы елшілігімізге Қазақстан азаматтары хабарласты. Олар кәмелетке толмаған 16 жастағы ұлы Шри-Ланканың бір ауруханасында жатқанын мәлімдеді. Осы деректі тексергеннен кейін 5 наурыз күні жасөспірім серфингпен айналысып жүріп, суға батып кеткені анықталды. Ол жансақтау бөлімінде 10 наурызға дейін - 5 күн бойы жатқан. Сол 5 күннің ішінде, әрине, дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасады. Өкінішке қарай, жасөспірім қайтыс болды», - деді ол.

Айбек Смадияров қазіргі таңда Қазақстан консулы баланың әке-шешесімен байланыста екенін жеткізді. Барлық құжаттар рәсімделіп жатқан көрінеді.

"Сонымен қатар денені Қазақстанға жеткізу үшін арнайы әуе компаниясымен келіссөздер жүргізудеміз. Баланың шешесі қазақ, әкесі шетелдік азамат. Марқұм – Қазақстанның азаматы. Кейінгі бірнеше жылда әке-шешесімен бірге Шри-Ланкада тұрып келген», - деді СІМ ресми өкілі.


Рекомендовать
Последние новости