Смайылов үкіметі су ресурстарын тиімсіз пайдаланумен күресуі тиіс - экологтар

Dalanews 02 сент. 2022 08:00 675

Экологтар еліміздің су қорын қорғау және пайдалану саласында Қазақстанға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Сарапшылар Қазақстанның су ресурстары – басқа елдерге қарағанда әлдеқайда күрделі дегенді алға тартады.

"Сондықтан да Қазақстанда су тапшылығына әкелуі мүмкін бірнеше мәселелер бар", – дейді эколог Болат Есекин.

Су ресурстарын басқару саласында мол тәжірибесі сарапшының айтуынша жаһандық жылынудың салдары да елімізге әсер етуі мүмкін. Қазірдің өзінде мұздықтар еріп, бұл жайт болашақ су көлеміне теріс ықпал етері анық.

"Егер 2000-шы жылдары орташа көпжылдық өзен ағыны 120 км3 болса, қазір – шамамен 102 км3 ал 2030-шы жылға қарай мамандар өзен ағынының одан әрі 99,4 км3 дейін қысқаруын болжап отыр.

Демек біз үшін трансшекаралық суларға тәуелді Қазақстан үшін оңай соқпас. Еліміз Қытайдан, Ресейден, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан келетін суға тәуелді.

Көрші елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуының жеделдеуіне байланысты сол мемлекеттермен шектесетін әсіресе оңтүстік және батыс аймақтарда су көзіне тапшылық байқалуы мүмкін.


Екінші мәселе елде көбінесе суды тиімсіз пайдалану да кері әсерін беруде. Оған себеп суармалы жерлерде инфрақұрылымның 40%-ның тозығы жетіп, соның салдарынан тіршілік көзі мақсатсыз жұмсалуда және біздегі өнеркәсіпте су көздеріне әлі де болса тәуелділік бары ақиқат.

Салыстырмалы түрде алып қарасақ Қазақстанның ішкі жалпы өніміне бір долларға шаққанда Ресей мен АҚШ-қа қарағанда үш есе, Австралияға қарағанда алты есе көп су қажет екен. Сондықтан да «Біздің климаттық процестерге ықпалымыз және көршілерге тәуелділікке әсеріміз шектеулі, осы себепті үшінші фактормен яғни суды пайдаланудың тиімсіздігімен жұмыс істеу қажет",- дейді сарапшы.

Ал Экология министрлігі өз кезегінде суды пайдалану бойынша мемлекеттік қадағалауды енгізуді ұсынып отыр.

Бұл тұрғыда жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттері де қадағалауға алынбақ. Бұл құралдың мақсаты- суды ысырап еткендерді мейлі кәсіпкер, диқаншы немесе қарапайым адамдарды жазалау емес, барынша суды үнемдеуге шақыру көзделінген.

«Негізгі ұсыныстың мақсаты – мемлекет, қоғам және бизнес еліміздің су қауіпсіздігі үшін болашақ ұрпақ алдында жауапты болуы керек. Егер су ресурстарына немқұрайлы қарауды жалғастыра берсек, онда үлкен проблемалар туындауы мүмкін»,- дейді  экологтар.

Рекомендовать
Последние новости