Сыбайлас жемқорлыққа қарасы күрес күшейіп келеді

Dalanews 20 апр. 2023 13:19 1341

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында елімізде жемқорлық ісі бойынша 414 адам күдікке ілініп, олардың әрекеті тексерілген. Осы бір дереккөзіне қарап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аздап болса да оң нәтиже бере бастағанын байқауға болады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға төмендеген. Десек те сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған әрбір төртінші адамның ішкі істер органдарының қызметкері деп танылуы көңілге кірбің ұялататыны анық.

2022 жылдың осы кезеңде 450 адам жемқорлық ісіне шатылып, күдікті ретінде қолына кісен салынған болатын. Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар биылғы жылы біршама төмендеп, 234 айыпталушы сотқа тартылған.

Осы ретте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық санаттары әртүрлі болып келетінін Dalanews.kz ақпараттық агенттігі оқырмандарына ескерте кетуідің маңызы зор. Айталық, биыл қолға түскен 414 күдіктінің 307-сі жемқорлық бойынша ауыр қылмыстар, 88-і орташа ауырлықтағы қылмыстар, 16-сы аса ауыр қылмыстары үшін заң алдында жауап беруде. Ал үш адамның айыбы жеңіл емес қылмыстарға жатықылыған.

Ал егер аймақтар бойынша сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінгендерді жіктесек, қолға түскендердің басым бөлігі Астана қаласының үлесіне тигенін байқауға болады. Бұл ретте оқырмандар елорданы жемқорлық жайлап алған ба деп ойлап қалуы мүмкін.


Еліміздегі орталық билік орындарының бәрі Астанада орналасқанын назарға алатын болсақ, бас қалада жемқорлық бойынша қолына кісін салынғандардың неге көп екенін түсінуге болады. Жыл басынан бері Астанада 64 күдікті жемқорлық ісі бойынша құрықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,3%-ға көп. Күдік деңгейі жоғары басқа облыстардың қатарында Алматы (55 адам, + 27,9%) мен Түркістан облысы (37 адам, – 2,6%) тұр.

Коррупция бойынша ұсталғандардың көбінесе пара беру (155 адам), пара алу (124 адам), сыбайлас жемқорлықпен алаяқтық (58 адам), басқаларға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру (19 адам), қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану (18 адам) бойынша айып тағылғанын айта кетуіміз керек.

Мемлекеттік құрылымдар ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ең жиі ұшырайтын ішкі істер органдары болып тұр. Айыпталушылардың жалпы санының 26,1%-ы немесе олардың 61-і сотқа тартылған.

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу және мемлекеттік институттарға сенім орнату үшін реформалар мен ашықтық стандарттарын жеделдетіп енгізудің маңызы зор.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты орын алып отырған мәселелерге жауап ретінде жақында елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуді қолдайтынын айтқан болатын. Сенат отырысында Мәулен Әшімбаев:

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдары алдағы уақытта өз жұмысын күшейтуі қажет. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүріп, оған ешкім қол сұқпауы тиіс. Егер сыбайлас жемқорлық қылмысқа үлкен лауазымды адамдар барған болса, олар сот алдында жауап беріп, заң нормаларына сәйкес жауапкершілікке тартылуы керек, – деген болатын.


Бұл мәлімдеме Қазақстан билігінің барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлықпен күресудегі табандылық таныту ісі қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Осы ретте Мәулен Әшімбаевтың құқық қорғау органдарының бұл бағыттағы жұмыстарын күшейтуін талап етуі өте орынды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіп жатқан органдардың жұмысы мен күш-жігерін мемлекеттік деңгейде қолдаудың да маңызы зор екенін ұмытпауымыз керек.

Рекомендовать
Последние новости