ШҚО дамыған медицина. Семейдегі гибридті операция залының теңдесі жоқ

Dalanews 15 мая 2020 03:31 972

Соңғы уақыттары Шығыс Қазақстан облысында халықтың денсауылғын жақсарту жолында көптеген жұмыстар атқарылды. Әсіресе халқы кезінде атом бомбасы сынағынан қатты зардап шеккен Семей қаласында салынған замнауи медициналық нысандар халықтың денсауылғын нығайтуға айрықша ықпал етуде.  

 

Теңдесі жоқ операция залы

Талдап, тарқатып айтар болсақ, бірнеше жыл бұрын ғана жұрттың пайдалануына берілген Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасында ашылған гибридті операция залы алдымен ауызға ілігетіні анық. Оның өзіндік сыры бар. Аталмыш зал классикалық ота жасайтын бөлмеден анағұрлым үлкен, әрі мүмкіндігі де зор.

Айталық, көп жүйелі блокта жаңа медициналық технологиялар мен құрал-жабдықтар, ашық және шағын инвазивті лапароскопиялық магнитті-резонансты томография, хирургиялық рентген жүйелері, УДЗ саласы, бейнебақылау жүйесі арқылы күрделі отаны сапалы жасауға мүмкіндік береді.


Жаңа заманауи медициналық технология Семей өңірі мен облыс тұрғындарын жоғары медициналық көмекпен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Бұл халық игілігі үшін жасалған маңызды шаруалардың бірі. Гибридті зал жоғары технологиялық сапалы стандарт ретінде республикадағы жалғыз кешен. Мамандардың бағалауынша, Семейдегі жаңа медициналық нысан JCI стандарты бойынша жобаланып, жабдықталған еліміздегі бірден-бір нысан болып тұр.

 

Дәрігер біліктілігін көтеру маңызды міндет

Шығыс Қазақстан облысындағы дәрігелердің медицинасы дамыған елдерге барып, мол тәжірибе аламасып, біліктілігін көтеру ісі де жолға қойылғанын айта кетуіміз керек.

Биыл жыл басында ШҚО әкімі Даниал Ахметов халықпен есепті кездесуінде облыстағы медициналық мекемелерді халықаралық «Алтын стандарт» – Joint Commission International сәйкестігіне аккредитациялау жүргізілгенін тілге тиек еткен болатын.

Қазіргі таңда өңірде жаңа роботты хирургия және трансплантология, политравма, ортопедия орталықтары, гибридті операциялық зал, үшінші деңгейлі инсульт орталығы, Алтай мен Аягөз қалаларындағы екінші деңгейлі инсульт орталықтары табысты жұмыс істеуде. Дәрігерлерді оқытудың үшдеңгейлі бағдарламасын жүзеге асыру жалғасып келеді.


Бүгінде 5,5 мың маман біліктіліктерін көтерді, оның ішінде бастапқы буынның 3700 дәрігері Семей қаласындағы медициналық университеттің және республикалық ғылыми зерттеу институттарының базасында қайта оқытылса, 1535 дәрігер қазақстандық және халықаралық мамандар тартылған 91 шеберлік-сыныбына қатысса, 276 маман Ұлыбритания, Германия, Жапония, Италия, Польша, Литва және Израиль емханаларында біліктіліктерін көтерген болатын.

 

Ауру-сырқау азайып келеді

Шығыс Қазақстан облысындағы осындай кешенді жұмыстардың арқасында соңғы бес жыл ішінде тұрғындардың медициналық қызметтің сапасына қанағаттану деңгейі 39,5-тен 51,3 пайызға дейін артты. Ал қатерлі ісіктің пайда болуын ерте бастан анықтау 6-дан 24 пайызға дейін артты.

Бұдан бөлек, Ұлттық кардиология ғылыми орталығы облыстық ауруханмен, Травматология институты мен Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығы Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасымен, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы облыстық мамандандырылған медициналық орталықпен, Ұлттық акушерлік және гинекология ғылыми орталығы Ана мен бала орталығымен, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты Өскемен қаласындағы онкология және хирургия орталығымен өзара әріптестік жөнінде меморандумдар бекітті.

Нұрлан ӘУБӘКІР

Рекомендовать
Последние новости