42 500 теңге. Халықтың 330 мың сұрағына жауап қайтарылды

Dalanews 15 мая 2020 04:04 814

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен оның ведмстволық ұйымдары төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде төлем тағайындауға қатысты азаматтардың 338 мың өтінішіне түсіндірмелер берді.

Ағымдағы жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша халықпен байланыстың барлық арналары арқылы министрлік азаматтардан «42 500 теңге» тағайындауға және төлеуге қатысты 696,4 мың өтініш келіп түсті.

Осылайша, 42500@enbek.kz электрондық адресіне 571,1 мың өтініш түскен. Оның ішінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметкерлері 241,6 мың өтінішке жауап берді.


Ал 42500@gfss.kz электрондық адресіне 108 мың өтініш түсіп, оған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлері 76,4 мың өтінішке жауап бергені мәлім болды.

Басқа байланыс арналары арқылы МӘСҚ-қа 7,1 мың өтініш келіп түсті, оның ішінде 6,3 мыңына жауаптар берілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің блогына, Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарына 10,1 мың өтініш келіп түсті, оның 7,1 мыңына жауап берілді.

Сонымен қатар, министрлік қызметкерлері коронавирус бойынша өтініштерді қабылдау орталығына келіп түскен 6,6 мың өтінішті де жауапсыз қалдырмай, халық сауалына үн қатыпты.


Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның «1411» әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығында 1-13 мамыр аралығында «42 500 теңге» төлеу мәселелері бойынша азаматтардың 58,1 мың өтінішіне түсініктеме берілді. Қазірге таңда осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Рекомендовать
Последние новости