Құлыбаевтар Halyk Bank акциялары қаншаға сатты? Банк мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 24 нояб. 2025 12:53

Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаеваға тиесілі «Алмэкс» компаниясы Halyk Bank акцияларының 7,6%-ын 475,41 млн АҚШ долларына сатты. Құнды қағаздар халықаралық және қазақстандық биржаларда орналастырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Банк хабарлауынша, өтінімдерді жинау процесі сәтті аяқталған. Халықаралық нарықта 17,4 млн депозитаралық қолхат сатылды, ал Қазақстанда 205 мың депозитаралық қолхат пен 121,8 млн қарапайым акция ұсынылды. Әрбір депозитаралық қолхат 40 акцияға тең. Жалпы сатылған қолхаттар мен акциялар банктің айналымдағы акцияларының 7,6%-ын құрады.

Мәміленің құрылымы:

  • Жергілікті ұсыныс бойынша 121,8 млн акция бір акциясы 298,66 теңгеден,
  • 17,6 млн депозитаралық қолхаттың біреуі 23 доллардан сатылды.

Халықаралық ұсынысқа қатысқан 17,4 млн қолхат шетелдік институционалдық инвесторларға тиді. Қазақстандағы инвесторлар 0,2 млн жергілікті қолхат пен 121,8 млн акцияны сатып алды. Банк бұл мәміледен ешқандай кіріс алмайды.

Депозитарлық қолхаттар 2025 жылғы 25 қарашада Лондон қор биржасында саудаға шығады деп жоспарланған.

Мәміле аяқталғаннан кейін АЛМЭКС банктің 6,7 млрд акциясына ие болады, бұл айналымдағы акциялардың шамамен 62%-ын құрайды.


Рекомендовать
Последние новости