Шораев талапқа сай, жұмысын жалғастырады – Cайлауком

Dalanews 17 мар. 2023 09:08 1017

Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораев әлеуметтік желіде Астанадағы №2 округтік сайлау комиссиясынан алған хатын жариялады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Хатта Арман Шораев жариялаған мәліметтер тексерілгені айтылған.

"Жарияланған мәліметтерге сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша сіз Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптарға сай екеніңізді хабарлаймыз", – делінген хатта.

Осылайша, Арман Шораев сайлауға қатысып, жұмысын ары қарай жалғастыратын болды.


Алайда сайлауға дейін небары үш күн қалды, оның бірі – тыныштық күні.

Еске салсақ, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚХП атынан кандидат Нұрия Балтабайқызының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін Арман Шораевты кінәлі деп таныған. Сол кезде Арман Шораев.

– Әрине, шығарылған сот актісімен келіспеймін, шағымданамын. Өкініштісі, мұндай шағымды қарау сайлау өтіп жатқан 2023 жылдың 24 наурызынан кейінге қалады, – деген еді.

Рекомендовать
Последние новости