Шешендер өзге ұлттан қыз алады, бірақ өзгеге қызын бермейді

Dalanews 15 авг. 2017 16:50 1219

Таяуда Атырауға пойызбен бара жатып, купеде бір қазақ (мен), бір украин және шешен отырдық. Сөйтсем, әлгі шешен Грозный қаласының тұрғыны екен. Біздің Астанамыз маңындағы Атбасарда жұмыс істейтінін айтты.



Шешенге "Сонау жақтан қатынап, екі елдің ортасында жұмыс жасап жүрсіз бе?" деген сұрағыма күле жауап берді.

– Әрине, біз еркекпіз ғой. Қалай болған күннің өзінде отбасын асырау керекпіз, – дейді.

– Сонда елдеріңізде жұмыс жоқ па? – десем.

– Иә, – деп әңгімесін жалғады, – Сіз егер Шешенстанда бір ай қонақтайтын болсаңыз, бірде-бір бұрышта боқ сасып жатқан алқашты көрмейсіз. Өйткені, біздің елдің азаматтары ұлттық тәрбиені бойына қатты сіңірген. Біздің ұлтымыз ер азаматқа отбасын асырауды міндет етіп қойған.
Елімізде балалар үйі, қарттар үйі деген атымен жоқ. Егер милиция бір әйелдің жеңіл жүріске түскенін білсе, оны әлгі әйелдің ағасына я болмаса інісіне айтады. Бауырлары әйелдің тиісті жазасын береді.

Егер біреудің баласы үлкенге қарсы келіп, дауыс көтерген болса, ол хабар әлгі жігіттің ата-анасына, туғандарына жетіп, жігіт міндетті түрде жазаланады. Түсік жасатуға заңмен тыйым салынған. Қазақтар жетімін жылатпаған халық еді, бірақ қазір қоғамды нашақорлық, зинақорлық, жезөкшелік, исламның атын жамылған секталарға ерушілік сіздерді аздырып барады, – деді әлгі шешен.

Сондай-ақ ол қыздарын басқа ұлтқа бермейінін де айтты. Ал егер ілуде біреу өзге ұлт өкіліне күйеуге шығып жатса, онда ол қызбен ата-анасы да, туғандары да байланысын біржола үзеді. "Неге?" деген сұрағыма:
– Өйткені олар өзге ұлттың баласын туады. Біз шешен жігіттер қазақтан да, орыстан да қыз ала аламыз. Өйткені, ол қыз бәрібір шешеннің баласын туады. Ал сіздер керісінше "менің қызым шетелдікке күйеге шыққан" деп мақтан тұтасыздар, – деді.

Айтқандары рас! Ештеңе дей алмадым. Былай қарағанда қазақтың ұлттық тәрбиесі шешендердікінен асып түспесе, кем емес қой. Бізге ұлттық тәрбиені, ұлттық ұстанымдарды жаңғыртуға не кедергі болып жатыр осы?!

Жұпар Баймағанбетова

 

https://dalanews.kz/14464

Рекомендовать
Последние новости