Семей қаласында ер адам көпірден секірмек болған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ, полиция, жедел медициналық жәрдем және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары келген.
Ер адаммен байланыс орнату үшін пилонға ТЖМ-нің психологы мен құтқарушысы көтерілді. Сонымен қатар құтқарушылар Ертіс өзенінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқару қайықтарын орналастырып, жағдайды әуеден бақылау және бағалау үшін ұшқышсыз ұшу аппаратын (дронды) қолданды.
"Ер адаммен келіссөздерді Оперативті-құтқару жасағының бөлімше бастығы, құтқарушы Ринат Бабаджанов жүргізді. Оның кәсіби біліктілігі мен барлық қызметтердің жедел әрекетінің арқасында ер адамды пилоннан түсіруге мүмкіндік болды", - делінген хабарламада.