Семейде «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды

Dalanews 08 дек. 2023 06:57 1202

Болат Өтемұратов Қоры Абай облысы әкімдігі қолдауымен Семей қаласында (Қарағайлы ықшам ауданы, 78) 13-ші «Асыл Мирас» аутизм орталығын ашты.

Қазақстанның әр аймағында ашылған аутизм орталықтары 9 жыл ішінде 16 мыңға жуық аутистік спектрдің ауытқулары бар (АСА) балалар ерте араласудың алты бағдарламасы бойынша тегін білім алды.

Жаңа орталық жылына 300 баланы қамтуға мүмкіндік береді және балалармен жұмыс істеуге 15 маман тартылады. Сабақтар аутизм стандарттарына сәйкес «Аутизм. Баршамызға бір әлем» 6 интервенция бағдарлама аясында өткізіледі.



Қазірдің өзінде 7 кабинет жиһаз, құрал-жабдықпен және оқу-әдістемелік құралмен толық жабдықталған. Әр баламен жұмыстың бір циклі 3 айға созылады және диагностикалық нәтижелер негізінде жеке таңдалады. Орталыққа тіркелу үшін тіркеуді растау және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің (ПМПК) қорытындысы қажет.

Болат Өтемұратов Қоры тиімділігі дәлелденген ерте анықтау мен мінез-құлықты түзетуге көмектесетін заманауи технологиялар мен тәжірибелерді кеңінен пайдаланып келеді.



Қор Калифорния университетіндегі Касари зертханасы, Атлантадағы Маркус аутизм орталығы және Autism Speaks халықаралық ұйымы сияқты танымал кәсіби мекемелермен серіктестікті жалғастыруда.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейде аутизм орталығының аутистік спектрдің ауытқулары бар балалардың дамуы үшін қоғамға қолжетімді орта құрудағы маңызды қадам екенін атап өтті.



Сондай-ақ ол маңызды жобаларды жүзеге асыруда үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Болат Өтемұратов Қорына алғысын білдірді.

Кеше Болат Өтемұратов әлеуметтік жобалардың асырылуына зор үлесін қосқаны үшін «Жыл меценаты» марапатына ие болды.

Рекомендовать
Последние новости