Сайрам ауданында ет және сүт өндірісі қарқынды дамуда

Dalanews 14 нояб. 2018 06:20 657

Сайрам ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Аграрлы өлкеде жыл басынан бері 46 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген.

Мал шаруашылығында 28 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 6 млрд.-қа артпақ. Ауданда мал бордақылаумен айналысатын шаруа қожалықтарының қатары артуда.

«Нұрымгрупп» серіктестігі биыл сәуір айында Манкент ауыл округінде 10 мың басқа арналған бордақылау алаңы кешенінің құрылысын бастады. Құны 3,5 млрд. теңгеге бағаланған жобаны жүзеге асыруға кәсіпкер 2,4 млрд. теңге жеке қаражатын жұмсады.

Мал бордақылау кешенінің меңгерушісі Кенжалы Айтуовтың айтуынша кешеннің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінде мұнда 6 мың басты бордақылауға жағдай жасалған. Жем жеткілікті.


«Өңірімізден және Жамбыл облысынан жеткізіп алғанбыз. Етке тапсырыс бүгінде көрші Өзбекстан, Қытай, Ираннан көптеп түсуде. Қазығұрт ауданындағы фермада 6 мың бас малымыз бар. Жалпы қара малдың басын 25 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Етті бағыттағы малды Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарынан сатып аламыз. Шаруашылығымызды көріп, тәжірибе алмасуға фермерлер, жеке азаматтар келіп жатады. Мал бордақылаудың қыр-сырын айтудан жалықпаймыз. Жұмыс істеймін деген жастарға есігіміз ашық», – дейді ол.

Аудандағы бар мүмкіндікті пайдалану есебінен индустриаландыру қартасы аясында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау» картасына жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба енген.

Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрпапа Көпеевтың айтып өткеніндей, 2018 жылдың 9 айында қара мал — 205 190 бас, жылқы — 71 689 бас, қой мен ешкі — 98809 бас, өткен жылға қарағанда өсім тиісінше қара мал 26,1, жылқы 13,7, қой мен ешкі -0.7 пайызды құраған.

«Осы мерзімде тірі салмақта 21 мың тонна ет өндірілген. Жыл басынан 39 жанұялық сүт аулалары ашылған» дейді ол.


Айта кететін жәйт, облыс деңгейінде ауыл шаруашылығы өнімі бойынша Сайрам ауданының үлесі 12,5 пайыз, аудан бұл көрсеткіш бойынша 1 орынға тұрақтаған.

Рекомендовать
Последние новости
Соңғы рейс...
27 дек. 2024 12:15