Салалық журналситика ақпараттық иммунитетті қалыптастырады

Dalanews 30 мар. 2023 01:18 4332

Үкімет ел экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жылда кәсіби-техникалық маман иелерін дайралау ісіне ұзақ жылдардан бері қолдау көрсетіп, елімізде кәсіптік-техникалық маман иелерінің шоғырының қалыптастырды. Сол сияқты дәл қазір еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына да мейлінше көңіл бөлу керек. Елімізде ұлт және мемлекет мүддесін қоғайтын БАҚ мамандарын даяралау ісіне көңіл бөлетін кез жетті деп есептейміз.

Кеңес заманында ақпараттық кеңістікте жұмыс істейтін мамандар тек қана Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ғана дайындалып келді. Ал еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін оқу орында заңгерлер мен экономистерді жаппай дайындай бастағанда, кейбір оқу орындары да журналистиканың тартымды мамандық екенін басшылыққа алып, журналистика факультеті мен кафедарларын ашып, медиа маман дайындауға көшкен еді.

Сөз жоқ, Қазақстан нарығында мемлекет мүддесін қорғайтын журналистердің көп болғаны керек. Кезінде қазақ журналистикасы әдебиет пен мәдениеттің айналысында шиырлап жүретін-ді. Қазір де сол ата-бабамыздың мықты болғанын, айтып әдбеи-мәдени тақырыптардан ұзап кеткен жоқпыз.


Журналситер мәдени, әдеби тақырыптарға қалам тербеп еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын түсінуі керек. Әрине, бұл ретте ешкім қазақ тілді тілшілерге «мәдениет пен тарихи тақырыпты жазбаңдар» деп қолындағы қаламын тартып алмайды.

Қазақ журналистикасы еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін саясат пен экономика, қаржы тақырыптарына баруы керек.

Егер қазақ журналистикасы бұл тақырыптаға ертеректе батыл түрде қолға алғанда ешкім біздің ауламызға тас лақтырып, қоңырсытып әңгіме айтпас еді.

Жалпы, мемлекет ақапарттық саясатты қалыптастыру үшін республикалық, облыстық деңгейде де қаржы бөліп, бұл бағыттағы жұмыстарға мейлінше қолдау көрсетіп келеді. Қазақ журналистері осы қамқорлықтың мәні мен маңызын түсінуі керек.

Өмірімізге әлеуметтік желілер қарқынды түрде енгеннен кейін ақпараттық қауіпсіздікті тек қана журналистер қалыптастырады деген ұғым-түсінік қалып бара жатқанын байқауға болады.

Әлеуметтік желілер кез келген ұлтжанды азаматтың еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге араласынуына мүмкіндік туғызуда. Әңгіменің ашығын айтсақ, ақпараттық салада әрекет етіп жүрген кейбір азаматтардың жұмысы кейбір журналистердің жұмысынан тиімді болып тұрғанын жасырын емес. Мұны қолына қалам ұстаған әріптестеріміз мойындауы керек.

Осы жайтты оң бағалаған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жаңа «Масс медиа туралы» заңды дайындау барысында журналистика бойынша кәсіби тұрғындан маманданбаған, бірақ ақпараттық салада жан-жақты жұмыс істеп өзін көрсеткен азаматтардың құқық қорғап, олардың да ақпараттық кеңістікте жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызуға күш салып жатқаны қуантады.


Бүгінде ақпараттық қауіпсіздік саласының ауқымы кеңейген.

Қазіргідей технологиялар дамыған заманда ақпараттық саланы тек қана журналистердің еншісіне қалдырып, алаңсыз отыруға болмайды.

Соңғы уақыттар министрлік елімізде салалық журналистианың дамуына да баса көңіл бөліп келеді. Бұл бағытта арнайы байқаулар ұйымдастырып, түрлі салада қалам тербеп жүрген журналистерді ынталандырып келеді.

Салалық журналистика да еліміздің ақпараттық кеңістінің керегесін кеңейтіп, ақпараттық иммунитетті қалыптастыратынын ұмытпауымыз керек.

Бұл ретте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің еліміздің ақпараттық кеңістігін қоғам болып, қорғауды үндеп, осы бағытта жұмыс істеп жатқаны қолдаумыз керек.

Нұрлан ЖҰМАХАН 

 

Рекомендовать
Последние новости