Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Қаракөз Амантай 17 февр. 2025 16:12 1402

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды”, — делінген хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости