Роза Рымбаева: «Әлидің әндерін түсінбеймін»

Dalanews 14 февр. 2018 06:14 1050

Роза Рымбаева қос ұлының да кәсіби музыкант екенін мәлімдеді. Ол Халық артисінің ұлы болғандықтан, ұлы Әлиді сынайтын жандардың көп болатынын түсіндірді. Сондай-ақ, оның орындауындағы кей әндерді түсінбейтінін мойындады.

Бұл туралы Роза Қуанышқызы Hit-TV арнасына, Нұржан Аташтың “Кездер-ай” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

– Балам фортепианоға барамын деп, сол жолмен кетті. 1-сыныптан бастап тек қана 5-ке оқыды. Әлидің мектебінің қасында қабырғасы ортақ балабақша болды, екінші ұлым Мәдиді сонда бердім. Балабақшаның шарбақтарының ішіне балалар үзіліске шығады ғой, сол кезде Әли де сыртқа шығады екен. Мәди шарбақтың ішінен Әлиді көріп, қолын созып “Әли аға” деп бақырып жылайды. Кейін Әли үзіліске шықпайтын болды. Мәди балабақшаны бітірген соң “Әлидің мектебіне барам, ол қайда ойнаса мен де сонда ойнаймын” деп тұрып алды. Сонымен екеуі де осы музыкалық мектепті бітірді. Екеуінің ұстазы да бір – Тұрар Ақбергенқызы. Бір жағынан, балаларымның менің мамандығыммен, әкесінің мамандығымен жүргеніне қуанамын. Себебі қанмен берілген нәрсе. Тегіміздің барлығы музыкант болғаннан кейін, балалар қайда барады? – дейді Роза Қуанышқызы.

Рымбаеваның баласы шықпағанда, кім шығады? Халық артисіне дәл осылай деп сын айтқан тыңдармандар қарасы да аз болмаған. Алайда мін тағарларға Роза Қуанышқызының берер жауабы мынадай.

– Мен баламды мына концертке ал, хабарға түсір, тойға қос деп ешқашан ойыма келген емес. Балам өз жолымен, өз музыкасымен келе жатыр. Керек десеңіз, ол орындайтын әндердің кейбірін мен түсінбеймін де. Себебі ол мүлдем басқа музыка, басқа бағдарлама, басқа стиль, ритм. Бүгінгі жастардың музыкасы. Оның музыкасына қатысым жоқ. Оның өсу жолы музыка редакторларына, телевизиялық концерттің редакторларына байланысты. Олар ұнамаса кіргізбейтін де еді. Рымбаеваның баласы болғаны оған бір жағы кедергі. Себебі6 ерекше сынмен қарайды. Талап та, сын да көбірек. Көреалмаушылық та бар. Сондықтан балам өз еңбегімен соның бәрін дәлелдеп келеl3. Ал кіші ұлым сахнаға жаңадан қадам басып келеді, – дейді Рымбаева.

Рекомендовать
Последние новости