Роман Скляр Үкіметтен алыстамады

Сағыныш Сардарова 06 февр. 2024 17:59 3538

Роман Скляр Үкіметтен алыстамады. Ол премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалсын", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Ол 2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалған еді. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2023 жылғы 3 сәуірде де қайта тағайындалды. 

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ол Бектеновтің орнына Президент әкімшілігін басқаруға баратыны туралы ақпарат тараған еді. Алайда қауесет расталмады. Бүгін тағы да Үкіметтегі орнына келді.


Рекомендовать
Последние новости