ҚР дүниежүзілік корпорациялармен тізгін қағыстыра 10 млрд доллардың жобасын іске қоспақшы

Кәмшат Тілеухан 11 дек. 2024 10:42 429

Биылдың өзінде құны 1,1 млрд долларды құрайтын 22 инвестициялық жоба іске қосылды. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің отырысы барысында мәлім болды, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев биыл орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде 4,8 мыңға жуық жұмыс орнын аша отырып, құны 1,1 млрд долларды құрайтын 22 инвестициялық жоба іске қосылғанын баяндады. Бүгінгі таңда Алматы облысында вольфрам кендерін өңдеу және Алматы қаласында ісікке қарсы бірегей препараттар өндіру кәсіпорындары және басқа да нысандар ашылды.

Сонымен қатар 7 жоба бойынша, оның ішінде Жамбыл облысында 1 ГВт ЖЭС салу, Алматы облысында сүт өнімдерін өндіру, Шымкент қаласында жылыжай кешенін салу бойынша жалпы құны жалпы 2,5 млрд доллар болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды.

Қазақстан экономикасының перспективалы салаларына инвестиция тартудың мақсатты жаңа тәсілі енгізілді. Астықты терең өңдеу, көмір химиясы, мұнай химиясы және мұнай-газ жабдықтарын өндіру секілді 4 бағыт анықталды.

Алдағы үш жылда CHN Energy, Carlsberg, PepsiCo, ULTRADECOR, LASSELSBERGER GROUP сияқты және басқа да компаниялармен бірлесе отырып, ірі жобаларды жүзеге асыру үшін 10 млрд доллар тарту жоспарланып отыр.

Инвестициялық қызметті цифрландыру бойынша ақпарат тыңдалды. Инвестициялық жобаларды барлық кезеңдерде – оларды іске қосудан бастап пайдалануға беру және одан кейінгі үш жылдық мониторингіге дейінгі сүйемелдеудің кешенді экожүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Инвесторлармен өзара іс-қимыл "бір терезе" қағидаты бойынша құрылады, сонымен бірге "жасыл дәліз" және "прокурорлық сүзгі" тетіктерінің жұмысы қамтамасыз етіледі. 

Отырыс қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.


Рекомендовать
Последние новости