Қыздың әкесі: "Аружан Саинмен бетпе-бет кездесуге дайынмын"

Dalanews 31 мар. 2018 04:17 833

30 наурыз күні Түркістан қаласындағы «Евразия» қонақ үйінде Аружан Саинның фейсбук әлеуметтік парақшасында жазған Түркістандық қызға қатысты баланың әкесі баспасөз брифингін берді.



Өз кезегінде қыздың әкесі Аружан Саинның ақпаратын түгелімен жоққа шығарды. Қазіргі таңда қыз мектепке барып, әріп танып, есеп шығаруды меңгеріп жатқанын, жалпы жағдайы жақсы екендігін жеткізді.

Алғашқыда қыздың ата-анасы Түркістан қаласындағы ХҚТУ клиникасына емделген. Кейіннен Ташкент қаласында қатынап жүріп 1 жылдай ем қабылдапты. Содан кейін ата-ана әлеуметтік желі арқылы Аружан Саин көмек береді деген ниетпен хабарласып, көмек сұраған.
Аружан Саин қыздың құжаттарымен танысып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына баланың ата-анасын қатысты «ата-ана құқығынан айыру» туралы арыз берген. ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық іc ашып, ОҚО және Түркістан қалалық прокуратураларының бақылауымен 1,5 жылдай уақытта тергеу жүргізілген.

Осы тергеу амалдары жүргізілген аралықта баланың денсаулығы нашарлап, ем қабылдауына қатты кедергі келгені мәлім болуда. Өйткені баланы күтуші ата-анасы мен туған-туыстары, көшілеріне дейін тергеуде болған.

Осылайша көмек сұрап барған ата-анаға Аружан Саин арыз беріп, баланы тірі ата-анасының кезінде балалар үйіне өткізбек болған. Нәтижесінде сот баланың ата-анасына қатысты «ата-ана құқығынан айырылмайды» деп өкім шығарып, бұл іске нүктесін қойды.

Қыздың әкесі Аружан Саинның оларға және басқаларға көмектесудің орнына неге сотқа беріп, тірі ата-анасы бар балаларды балалар үйіне өткіземін деудегі мақсаты «мемлекет пен шетелдік қорлардан ақша алу ма» деген сұрақ жауапсыз қалғанын айтты.

Сонымен қатар, ол: «Фейсбук әлеуметтік желісінде Аружан Саинның қыз тірі ме, жоқ па біле алмай отырмыз, әкесінің телефоны өшірулі деген ақпарын толықтай теріске шығарды. Өз сөзінде менің нөмірім ауысқан емес және ешкім бұл тақырыпта хабарласқан жоқ. Аружанға өзіміз хабарлассақ телефонын әрдайым көмекшілері көтереді, оған шығу мүмкін емес және қызымның салмағы мен жағдайына қатысты ақпараты да жалған» дегенді жеткізді.

Сөз соныңда баланың әкесі Аружан Саинмен бетпе-бет кездесуге дайын екендігін айтып өтті.

Рекомендовать
Последние новости