Жан Ахмадиев әйелін сабаған

Dalanews 30 мар. 2018 09:41 954

Рэпер Жан Ахмадиев көшедегі әйелдерді қамшымен сабамаған болып шықты, ол видеоға әйелі мен таныстарын түсірген.



Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

– Әлеуметтік желіде тарап кеткен Ахмадиев Ж.А. әйелдерді қамшымен сабап жатқаны түсірілген видеороликтегі жағдай қойылым болып отыр. Яғни, жеңіл жүрісті қыздар ретінде оның әйелі мен таныстары түскен, – деп хабарлады Сәдубаев.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда Ахмадиевтің іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ. Сондықтан рэперді қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша жауапқа тартуға болмайды.

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіні “жарған” видео қазіргі уақытта YouTube желісінен өшірілген.

Ол жезөкшелер туралы видеосында қазақ жігіттеріне дәл осылай жасауға үгіттеген еді.

Еске салып өтсек, “Қазақпыз ғой” YouTube-арнасында “жезөкшелерді қамшымен қуып жүрген” рэпердің видеосы жарияланған еді.

 

Дереккөзі: stan.kz

Рекомендовать
Последние новости