Әскери қызметкер Талдықорғандағы әскери комиссариат ғимаратында әріптесін атып тастады

Dalanews 31 мар. 2018 06:35 963

Талдықорғандағы облыстық әскери комиссариатта әскерге шақыру басшысының орынбасары Асқар Оспанов қорғаныс басшысы Бердібек Берістеновті атып тастады. 

Ішкі істер органдарындағы дереккөздің хабарлауы бойынша Оспанов ғимараттан шығудан бас тартып отыр.

Құқық қорғау органдары оны өз еркімен берілуге көндіруде. Келіссөз жүріп жатыр.
Ғимарат қоршауға алынған. Оқиға орын алған жерге ІІД басшысы, облыс прокурорының орынбасары келді.

Оқиғаның анық-қанығы анықталу үстінде.

Рекомендовать
Последние новости