Қырғызстанда бір сағаттың ішінде екі жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бірінші 3.8 баллдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 10:04-те тіркелді. Жер сілкінісінің қарқыны - 3,5 балл. Тереңдігі - 15 шақырым.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының (ҚР ҰҒА СИ) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад облысында орналасқан. Елді мекендерде жер сілкінісінің күші:
- Қос-Терек ауылында – 3,5 балл шамасында,
- Кызыл-Ункур, Жаз-Кечуу, Ақ-Бұлақ ауылдарында – 3 балл,
- Арсланбоб ауылында - 2,5 балл.
Магнитудасы 3,2 болатын екінші жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 11:07-де болды. Оқиға кезіндегі қарқындылық шамамен 3 балл болған. Тереңдігі - 19 шақырым.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының (ҚР ҰҒА СИ) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Бішкек қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 36 шақырым жерде орналасқан.
Елді мекендерде жер сілкінісінің күші: Кашка-Суу және Тош-Булак ауылдарында – 2,5 балл шамасында болды.