Елімізде Жаңа жыл түні 181 нәресте дүниеге келді

Кәмшат Тілеухан 01 янв. 2025 11:10 1793

Жаңа жыл қарсаңында республикамыздың перзентханаларында 181 сәби дүниеге келді, оның ішінде 105 ұл мен 76 қыз бала, Маңғыстау облысында бір егіз бала бар, деп жазады Dalanews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке түнінде туған нәрестелердің ең көбісі Түркістан облысында тіркелді. Оңтүстіктің бұл өңірінде 34 сәби жарық дүние есігін ашты.

"Екінші орында әрқайсысында 17 баладан дүниеге келген Алматы қаласы мен Алматы облысы тұр. Туу бойынша көшбасшылардың үштігін Шымкент қаласы түйіндейді, мұнда 16 отбасы адам басымен толықты", делінген хабарламада.
Ал ел астанасында Жаңа жыл қарсаңында тура өткен жылдағыдай 10 сәби дүниеге келіпті. 
 
Бұған дейін біз Ақорда Жаңа жылда Қазақстан халқына ерекше көңіл-күй сыйлағанын жазғанбыз.

Рекомендовать
Последние новости