Jibek Joly телеарнасы Ақордада Президент телерадиокешені түсірген жаңажылдық бейнероликпен бөлісті. Мемлекет басшысының резиденциясында еліміздің Әнұраны орындалды, деп жазады Dalanews.kz.
Телеарна мәліметінше, Қазақстан әнұранын пианист Темірлан Бейсенбай орындады, сондай-ақ ол Ratovich сахналық атымен көпшілікке танымал.
Видеода Ақорданың тамаша безендірілген жаңа жылдық шыршасы бар жайнаған саябағында фортепианода әрбір қазақстандық үшін қымбат әуен әуеде әуелейді. Ал орталық салтанатты залда Динара Тілендиеваның жетекшілігімен "Отырар сазы" халық аспаптар оркестрі және "Астана опера" симфониялық оркестрі әнұранды дүркіретіп орындады.
Фотепиано және домбыра үні жарасымды үйлесе, Қазақстан халқына Жаңа жылда керемет әрі патриоттық көңіл-күй сыйлады.
Видеоны мына сілтемеге өту арқылы көруге болады.