Қылмыс жасап елден қашқан күдікті Армениядан экстрадицияланды

Сағыныш Сардарова 16 мая 2025 09:50

Қылмыс жасап елден қашқан күдікті Армениядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Армения Республикасындағы елшілік көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған қазақстандықты Ереваннан экстрадициялады.

2024 жылы қыркүйекте Петропавл қаласында ол мас күйде бұзақылық ниетпен жәбірленушінің маңызды органдарына пышақпен бірнеше рет жарақат салған, жәбірленуші дәрігерлердің арқасында аман қалған.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған. Былтыр қазанда ол Армения аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген.

 


Рекомендовать
Последние новости