Қазақстанға биыл 9,5 мыңнан астам этникалық қазақ оралды

Қаракөз Амантай 29 сент. 2025 10:02

Жыл басынан бері 9 586 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері республикаға жалпы 1 млн 157,6 мың қазақ оралған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қандастардың келу географиясы:

  • 45,7% – Өзбекстаннан,
  • 41,8% – Қытайдан,
  • 4,6% – Түрікменстаннан,
  • 2,7% – Моңғолиядан,
  • 2,6% – Ресейден,
  • 2,6% – өзге елдерден.

Жас ерекшелігі мен білім деңгейі:

2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша:

  • 58,7%-ы – еңбекке қабілетті жаста,
  • 32,3%-ы – балалар мен жастар,
  • 9%-ы – зейнеткерлер.

Еңбекке жарамдылардың ішінде:

  • 15,4%-ы – жоғары білімді,
  • 29,7%-ы – арнаулы орта білімді,
  • 52,3%-ы – жалпы орта білімді,
  • 2,6%-ының білімі жоқ.

Қоныстандыру өңірлері мен квота:

Қандастар негізінен еңбек күші тапшы аймақтарға – Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды.

2025 жылға арналған қандастар квотасы – 2 309 адам. Оның ішінде 1 қыркүйекке дейін 1 467 қандас елге қоныстанды.

Мемлекеттік қолдау:

  • көшуге – әр отбасы мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) көлемінде біржолғы төлем,
  • тұрғын үй жалдау және коммуналдық шығындарға – жылына 15–30 АЕК (58,9–117,9 мың теңге).

Жыл басынан бері 594 қандас әлеуметтік қолдауға ие болып, олардың 237-сі тұрақты жұмыспен қамтылды.

Қосымша ынталандыру шаралары:

Ерікті қоныс аударуды арттыру үшін жұмыс берушілерге қолдау тетіктері енгізілді. Сонымен бірге, экономикалық ұтқырлық сертификаты қарастырылған. Ол тұрғын үй сатып алу немесе салу, сондай-ақ ипотеканың бастапқы жарнасын жабуға мүмкіндік береді. Сертификат отбасыға үй құнының 50%-ына дейін, яғни 4,56 млн теңгеге дейін қайтарымсыз беріледі.


Рекомендовать
Последние новости