Қазақстандағы ең көп салық төлейтін ТОП-10 компания

Dalanews 06 мая 2024 11:15 4411

Мемлекеттік кірістер комитеті еліміздегі ең көп салық төлейтін компаниялардың ондығын атады. Олар былтыр ел қазынасын жалпы алғанда 6,4 трлн теңгеге толықтырған деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп. 

Редакцияның ресми сұранысына жауаптан 2023 жылы бюджетке түскен соманың басым бөлігі әдеттегідей мұнай және газ шығаратын кәсіпорындар тарапынан болғанын көріп отырмыз. Осы он компания елдегі бүкіл салықтың 27 пайызын төлеген. Назарыңызға ТОП-10 салық төлеуші тізімін ұсынамыз:

  1. "Теңізшевройл" ЖШС — 3 трлн 746 млрд 454 млн теңге;
  2. "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.", қазақстандық филиалы — 977 млрд 884 млн теңге;
  3. "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ - 319 млрд 568 млн теңге;
  4. KAZ Minerals Aktogay ЖШС — 260 млрд 765 млн теңге;
  5. "Қазақстан Халық банкі" АҚ — 210 млрд 286 млн теңге;
  6. "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалы — 204 млрд 402 млн теңге;
  7. "Өзенмұнайгаз" АҚ — 198 млрд 066 млн теңге;
  8. "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС — 177 млрд 719 млн теңге;
  9. "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС — 168 млрд 441 млн теңге;
  10. «Азиялық газ құбыры"ЖШС — 167 млрд 795 млн теңге.

 


Рекомендовать
Последние новости