Батыс Қазақстанда тұруға жарамсыз үйлер бұзылып жатыр

Қаракөз Амантай 02 мая 2024 10:31 2390

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Тайпақ ауылында Жайықтың суы бір тәулікте 34 см-ге көтерілді. Қазір өзен арнасы 715 см-ге жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қауіпті деңгей - 8,5 метр. Ал Теректі ауданында тасқын салдарынан тұруға жарамсыз деп танылған үйлер бұзылып жатыр.

Құлаған үйлердің орнына үш бөлмелі жаңа баспана салынады. Аудандық комиссия қорытындысымен әзірге техникалық тексерістен өткен 81 үй тұруға жарамсыз деп танылды.

Тасқынның бірінші кезеңінде, яғни еріген қпр суынан аудандағы Аңқаты, Подстепный, Теректі ауылдарында 600-ден астам үй су астында қалған еді, деп жазады qazaqstan.tv.

Зардап шеккен тұрғындардан аудандық комиссияға әлі де өтініштер түсіп жатыр. Қарғын судан ең көп залал келген Подстепный ауылында дәл бүгін алғашқы үйлердің құрылысы басталды. Бұған бес мердігер компания тартылған.

Ал баспанасы тұруға жарамды, бірақ жөндеуді қажет ететін тұрғындарға бағалау қорытындысына сай өтемақы беріледі.

"Аңқаты ауылы бойынша - 24 үй, Подстепный ауылы бойынша - 56 үй, Теректі ауылы бойынша бір үй. Аңқаты ауылында жерге орналастыру және геологиялық жұмыстар басталды. Подстепныйда, өздеріңіз көріп тұрғаныңыздай, құрылысқа дайындық жұмыстары басталды. Бүгін түстен кейін іргетасын қалау жұмысына кіріседі”, - деді Теректі ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Амандықов.


Рекомендовать
Последние новости