Қазақстандағы білім саласы: қаптаған реформалардың салдары қандай?

Dalanews 11 нояб. 2017 12:27 943

«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубының кезекті отырысы «Еуразияның көзі ашық, көкірегі ояу адамдары. Білім беруді модернизациялау: дәстүрлер мен тенденциялардың дамуы, сапа және тиімділік факторлары» деген тақырыпқа арналды

 Жиынның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаев, интернет пайда болғалы классикалық білім берудің үлгілері де өзгерді.

«Айталық, осыдан 20 жыл бұрын ешкімде желілік университеттер болады деп ойлаған жоқ.  Білім саласына келгенде бізде бір мәселені шешу керек. Байқар болсаңыздар, посткеңестік мемлекеттердің көпшілігінде алдымен білім саласына арналған реформа пайда болады, артынша ол реформаларды ақауын ретке келтіретін тағы бір реформа қабылданады. Жалпы менің ойымша білім саласындағы реформалар қоғамдың дамуы мен мүмкіндігіне қарай қабылдануы керек», – деді Полетаев.
Өз кезегінде журналист Владислав Юрицын бұл мәселені еліміздегі білім саласы мамандарының айлығының төмендігімен байланыстырды. Оның айтуынша, мұғалімдердің жалақысы елдегі орташа жалақыдан 40 пайызға төмен.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО орталығының директоры Лайла Ахметованың айтуынша, ең үлкен мәселе оқулықтарда.



«Кеңес уақыты кезінде оқулық жазатын авторлар аз еді. Себебі, оларды жазу өте ауыр болатын.  Ал қазіргі жағдай қандай?  Әйтеуір бір құрылым кітап шығаруға тендер ұтып алады. Кейін оқуылық жазу үшін бір каферда меңгерушісін жұмысқа алады. Болды. Әлгі адам бір кітапты жалғыз өзі жазып шығады. Міне, былықтың басы осында» деді ол.

Өз кезегінде Kesarev Consulting бас кеңесшісі Наталья Малярчук:  «Қазіргі таңдағы білім саласындағы кемшілікті төменнен емес, жоғарыдан іздеуге тиістіміз. Неге? Егер жоғары жақта білім жүйесін қалай және қандай жолмен дамыту қажеттігі туралы нақты жоспар болса қазіргідей былық болмас еді» дегені пікір білдірді.

Ал жиынды түйіндеген Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты, аға ғылыми қызметкері Дәурен Абеннің пікірінше билік реформаның соңына түсіп алғанды.
«Әйтеуір бір аласапыран. Бір реформаның үстін бір реформа басады. Біреуі келеді, біреуі ұмытылады. Біреуін ендіріп те үлгермейді, үстіне жаңасын енгізеді.

Министр ауысса болғаны. Онымен бірге жаңа реформа да жетіп келеді.

Меніңше, бұл арада бар пәрмен жоғарыдан келетін сияқты. Жоғары жақта да, министрлікте де білім саласын қалай дамыту керектігі туралы нақты стратегия жоқ», – деді ол.

Рекомендовать
Последние новости