Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады

Сағыныш Сардарова 20 янв. 2026 13:26

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады. Бұл туралы Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан Республикасының вице-президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы әңгіме болып отыр. Вице-президентті Парламенттің келісімімен қарапайым көпшілік дауыспен Президент тағайындайды. Оның өкілеттігін Мемлекет басшысының өзі айқындайды", - деді Президент.

Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:

  • халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін танытады;
  • Парламентте Президенттің мүддесін танытады;
  • отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.

Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove