Қазақстанда ұл балаларды АПВ-ға қарсы вакцинациялау келесі жылы басталуы мүмкін

Сағыныш Сардарвоа 26 июн. 2025 14:53

Қазақстанда ұл балаларды АПВ-ға қарсы вакцинациялау келесі жылы басталуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ұл балаларға адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцина салу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл сұрақ Сенат дәлізінде көтерілді.

"Біз былтыр қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцинациялауды бастадық. Себебі бұл вирус болашақта жатыр мойны обыры секілді ауыр онкологиялық ауруларға себеп болуы мүмкін. Ал ұл балаларға қатысты вакцинацияны енгізу мәселесі қазір Үкімет деңгейінде қаралып жатыр. Алдын ала болжам бойынша шамамен бір жылдан кейін бұл жұмысты бастауымыз мүмкін", – деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда ұл балаларды да АПВ-ға қарсы вакциналау қажет екенін айтқан болатын.


Рекомендовать
Последние новости