Күзде кезектен тыс парламент сайлауы өте ме? Әшімбаев жауап берді

Қаракөз Амантай 26 июн. 2025 13:33

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев биыл күзде кезектен тыс парламент сайлауы өтеді деген қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Бізде күн тәртібінде ауқымды заңнамалық жұмыс тұр. Кезектен тыс сайлау өтеді деуге негіз жоқ”, – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр күзде кезектен тыс парламент сайлауы өтеді деген ақпаратқа түсініктеме берген еді.

Журналистер Роман Склярдан бұл қауесеттің рас-өтірігін нақтылап сұрады.

“Бұл туралы мен де бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыдым. Бірақ мұндай болжамдарға ешқандай негіз жоқ. Парламент тұрақты жұмыс істеп жатыр, өзінің тиімділігін көрсете білді. Өз басым кезектен тыс сайлау өткізуге себеп көріп тұрған жоқпын”, – деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.


Рекомендовать
Последние новости