Қазақстанда педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қаракөз Амантай 31 янв. 2024 12:26 2104


Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты заң қатаңдатылуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Осы тұста парламент мәжілісі "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарайды.



Мәжіліс депутаты әрі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов заң жобасы мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленгенін әрі құжат президенттің отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келетінін атап өтті.



Заң жобасында депутаттар бірнеше негізгі норма ұсынды. Атап айтатын болсақ:



  • Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, жазасын әлдеқайда қатаңдату;

  • Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шаралар қабылдау құқығын беру;

  • Отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу өкілеттігін беру;

  • Педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру;

  • Суицидты насихаттағаны немесе суицидке итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;

  • Балаларға арналған интернат ұйымдарына алдын-ала ескертусіз кез-келген уақытта бару және тексеру.



Рекомендовать
Последние новости