Қазақстанда мұнайшылардың жалақысы азайып қалған

Көркем Алдабергенова 11 нояб. 2025 15:15

Мұнайшылардың жалақысы алты ай ішінде 200 мың теңгеге азайып, 1,7 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге түсті (2025 жылдың 1-тоқсанына қарағанда), деп хабарлайды Dalanews.kz.

Energy monitor мәліметі бойынша, орташа айлық атаулы жалақы 429 мың теңгені құрап отыр. Бұл – өткен жылғы 9 айдың көрсеткішімен салыстырғанда 10% жоғары.

Алты айда мұнай өндіру саласындағы қызметкерлер саны 858 адамға азайып, 48 794 адамға жеткен. Олардың 16,4%-ы – әйелдер.

Айта кетейік, елдегі барлық жұмыс істейтіндердің небәрі 1,2%-ы мұнайшылар. Еліміздегі мұнай саласында 4 млн адам жұмыс істейді (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкерлерді қоспағанда).

Бірақ дәл осы аз санды мұнайшы тобы елдегі жалпы еңбекақы қорының 13,7%-ын қамтамасыз етеді.


Рекомендовать
Последние новости