Қазақстан қалаларындағы пәтер бағасының тізімі жарияланды

Қаракөз Амантай 09 июл. 2024 13:04 4621

Қазақстан қалаларындағы пәтерлер бағасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Krisha.kz агенттігі еліміздегі қайталама нарықтағы пәтерлерге ұсыныстың орташа бағасы 7 миллион теңгеден 42.5 миллион теңгеге дейін екенін анықтаған. Ең арзан тұрғын үй Қызылордада болса, ең қымбат тұрғын үй Алматыда орналасқан.

Пәтерлердің орташа бағасы:

Krisha.kz аналитикалық қызметі мәліметінше, орташа баға динамикасы жыл басынан бері тұрақты. Қаңтардан маусымға дейін 10 қалада пәтер арзандаған:

Қызылордада: -3 пайыз;

Семейде: -1,9 пайыз;

Шымкент, Қарағандыда: -1,7 пайыздан;

Алматы: -1,3 пайыз;

Атырау: -1,2 пайыз.

Қостанай, Өскемен, Павлодар, Тараз қалаларында – 1 пайыз мөлшерінде.

Бұл ретте, бағалар алты қалада өскен, ең көбі Петропавлда (+4.7 пайыз), Ақтауда (+3.1 пайыз), Орал қаласында (+1.9 пайыз). Астанада бағалар өзгерген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости