Қазақстан авиациясын дамытуға әуе компаниялар табысының бір бөлігін аударуы қажет — сенатор

Қаракөз Амантай 09 янв. 2025 14:40 446

Сенатор Нұртөре Жүсіп әуе кеңістігін пайдаланудан түскен табыстың белгілі бір бөлігін Қазақстан авиациясын дамытуға бағыттау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Қазақстанның Азаматтық авиация академиясына арнайы аэродром салу керек. Бұл жаңа жобаларды жүзеге асырып, оқу базасын кеңейтіп, заманауи жаттығу құралдарымен жабдықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін мақсатты қаржыландыруды енгізу қажет деп есептеймін. Бұрын осындай тәжірибе болған. Мысалы, біз жер қойнауын пайдаланушыларды өз шығындарының 1%-ын ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлуге міндеттеген едік”, – деді сенатор.

Оның айтуынша, бұл тәжірибені авиацияны дамыту үшін де қолдануға болады, яғни әуе кеңістігін пайдаланудан түскен кірістердің бір бөлігін осы мақсатқа бөлу қажет.

Сенатор авиация саласының бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін инновацияларды енгізу маңызды екенін де атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости