Қазақстан 46 млрд теңге қарыз алады: Сенат келісімді мақұлдады

Сағыныш Сардарова 26 июн. 2025 11:37

Сенаттың пленарлық отырысында Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) арасындағы 46 миллиард теңге көлеміндегі қарыз туралы келісім ратификацияланды. Қаржы "Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру" жобасын жүзеге асыруға бағытталмақ, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – тұрақты цифрлық инфрақұрылымды дамыту арқылы ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету.

Жоба аясында мына міндеттер қарастырылған:

  • Қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту үшін шалғай ауылдарды интернетке қосу;

  • Өңірлердегі шағын және орта бизнеске, қашықтан қызмет көрсетуге және инвестиция тартуға қолдау көрсету;

  • Телекоммуникациялық инфрақұрылымды мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде дамыту.

Бұл бастама республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына кері әсер етпейтіні айтылды.

 


Рекомендовать
Последние новости