"Қайрат" - "Реал" ойынының билеттері туралы қызық дерек тарады

Көркем Алдабергенова 30 сент. 2025 09:07

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынына қатысты қызық деректер белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Журналист, спорт комментаторы, ASSYLTAS жобасының жетекшісі Рауан Оқастың жазуынша, матч өтетін Орталық стадионның тең жартысы "Реал" жанкүйерлері болуы мүмкін. Себебі:

23 000 билетті сатып алғандар:
3000 - Испаниядан келетін фанаттар (квота)
2000 - Елдегі виптер мен спонсорларға (тегін берілді)
5000 - қырғыз бен өзбектер (реал фан)
7000 - өзіміздің реалфан қазақтар (әр аймақтан келеді)
5000 - ұлттық компаниялар (алдын-ала тапсырыспен)
1000 - “Қайрат” фандары (жанкештілікпен кезекке тұрып)
 
Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны 30 қыркүйекте сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. 
 
Испанияның атақты «Реал Мадрид» футбол клубы Алматыға 28 қыркүйекте келді. Қазақстандық жанкүйерлер оларды әуежайдан күтіп алып, қонақүйге дейін "шығарып салған". 
 
Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаевтың сөзінше, алдын ала есеп бойынша «Қайрат – Реал Мадрид» ойынына 4 мыңнан аса турист келеді. Сонымен қатар, туристерден бюджетке 2-3 млрд теңге қаражат түседі деп болжанып отыр. 

Рекомендовать
Последние новости