"Қартайғанда қайтарады...". Сенаторлар зейнетақы жинағын пайдалану талабын өзгертіп жіберді

Dalanews 12 нояб. 2020 08:03 886

ҚР Сенаты Салық кодексіне енгізілмек қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бір уақытта табыс салығын төлемей пайдалануға мүмкіндік беретін түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

- Зейнетақы жинақтарындағы қаражаттың бір бөлігі мерзімінен бұрын шешіп алынған жағдайда, оның 10% біржолғы салық ретінде ұсталады. Сенаторлар азаматтарға қазіргі кезеңде бұл қиын болады деп санайды.

Сондықтан салықты зейнетақы жинақтарын алған кезде емес, зейнетке шыққаннан кейін ғана төлеу ұсынылады. Оның үстіне, бұл бір реттік төлем болмайды.


Заң жобасы оны 16 жыл ішінде бөліп төлеу туралы ережені енгізеді, - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев отырыста.

Дегенмен азаматтығын өзгерту туралы шешім қабылдағандар зейнетақы ақшасының бір бөлігін шешіп алып, оны пайдаланғаны үшін табыс салығын бірден және толықтай төлеуі керек. Алайда, салық сомасы БЖЗҚ шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдықтарынан ұсталады.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сенаторлардың бұл бастамасын өзекті және пайдалы деп атап өтті.

- Зейнетақының ақшасын бір реттік шешіп алу жағдайында салықты ұстамау ұсынылады. Яғни, зейнетақы жинақтары алынған кезде төлем көзінен табыс салығы ұсталмайды; салық болашақта төленеді. Осылайша, бір реттік ауыртпалық болмайды, салық әділдігі орнайды. Бұл пәтер сатып алу және емделу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануда салықтық кедергілерді жояды. Сондықтан сенаторлардың бастамасы өзекті, уақтылы және азаматтарға үлкен пайда әкеледі, - деді ол.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беруді тапсырған болатын.

Рекомендовать
Последние новости