Өз кезегінде, Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының депутаты Елнұр Бейсенбаев президенттік мандатты ұзақтығы 7 жыл бір мерзімге шектеу жөніндегі реформаның маңыздылығын атап өтті.
– Бұдан былай Мемлекет басшысы тек бір рет қана президент болу мүмкіндігіне ие болады. Ол қайта сайлана алмайды. Президент бір мерзімге, бір-ақ рет 7 жылға сайланатын болады. Заңнамадағы құқықтық коллизияны жою үшін, бұл өзгерісті, жаңашыл саяси реформаны биылдан бастаумыз қажет. Яғни, алдағы 20 жылдықта сіз бен біз, жаңадан сайланған ең кемі 3 президентті көретін боламыз, – деді халық қалаулысы.

– Естеріңізде болса, біз баяғыдан армандап келген дүниеміз іске асты. Бұл Араб елдеріндегідей әр бала өмірге келген кезде, арнайы шот ашылып, кәмелет жасқа толғанша ақша аударылады. Болашақта оны әрбір жас баспаналы болуы мен білім алуына қолдана алады. Бұл үшін Ұлттық қордың инвестициялық табысының тең жартысы жұмсалады. Мемлекет басшысының бұл бастамасы әрбір отбасыға жасалған тікелей қамқорлық, – деп атап өтті Геннадий Шиповских
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, елімізде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын белсенді жастар жетіп артылады.

Сөйтіп, қала тұрғындары мен қонақтарының алдында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың арасында Мирас Жүгінісов, Назима, Ninety One, Айқын Төлепберген, Ернар Айдар, Дильназ Ахмадиева, Yenlik, 2 RAR, De Lacure, Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Бейбіт Қорған, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Айдын Жұмабаев, Зарина Омарова, Естай Мұқашев, Майра Ілиясова, Хайролда Мұратбек, Арайлым Рахым, сондай-ақ мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері ән шырқады.