Өскеменде тоғызқұмалақтан сайыс өтті

Dalanews 20 мар. 2024 17:15 3275

Соңғы жылдары елімізде Наурыз мейрамы жаңаша тойланып, онкүндік мерекеге айналып отыр. Тарихи кезеңдерде жаңа жылды той­лау он шақты күнге жалғасып, ол «Нау­рызнама» деп аталған деседі. Енді жыл сайын ғасырлар бойы тойланып келген жаңа жыл­ды қарсы алу дәстүріне орай 14-23 нау­рыз аралығында Нау­рыз­на­ма онкүндігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Dakanews.kz altainews.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурызнама онкүндігінің жетінші күні - Ұлттық спорт күні деп жарияланған.

Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, қазақта 150-ге тарта ұлттық ойын түрі бар екені айтылады. Олар ойын-сауық, тұрмыс-салт, аңшылық өнер, және дене шынықтыруға қатысты ойындар болып бөлінеді. Тіпті арасында балаларға арналған ойындарда жетіп артылатынын білеміз. Бұл ойынның барлығы балаларды физикалық тұрғыда дамытуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, епті болуға бейімдейді.

О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада өзінің жас оқырмандарына ерекше мереке ұйымдастырған. Айтулы күнге орай мұнда ұлттық ойындар ұлықталды. Кітапханаға жиналған бүлдіршіндер асық атып, ләңгі, тоғызқұмалақ пен бес тас ойнап қана қоймай, ұлттық ойындардың шығу тарихымен танысты.

- Кітапханаға мектеп оқушылары, түрлі ұйым мен мекеме қызметкерлері келіп, ұлттық ойындар ойнады. Бүлдіршіндерді қызықтырып, ұлттық ойынды дамыту мақсатында асықтың VR-ойынын ұйымдастырдық. Оны біздің арнайы үйірмеге қатысатын балалар жасап шықты. Яғни, үлкен залда балалар асықты оффлайн, VR-студияда виртуалды түрде ойнай алады. Одан кейін ұмытылып бара жатқан ләңгі ойнап, көпшіліктің сүйікті ойынына айналған тоғызқұмалақ үйретіп жатырмыз. Қыз балалар үшін саусақтардың моторикасын дамытатын бес тас өтікіздік, - дейді кітапхана директорының орынбастары Жанат Мәуітқызы.

Айта кету керек, О.Бөкей кітапханасында Ұлыстың ұлы күніне орай түрлі іс-шаралар легі жоспарланған. Сондай-ақ Наурыз мерекесінің тарихын зерттеп, ел назарына ауқымды видеоролик ұсынды.


Рекомендовать
Последние новости