Орман мен табиғи қорықтарды өрттен қорғайтын қызметкерлерге арнайы киімдер әперу үшін 918 млн теңге бөлінді

Dalanews 31 июл. 2023 08:56 820

Абай облысында орын алған өрт төтенше жағдай саласының материалдық-техникалық тұрғыдан қаншалықты жабдықталғанын қолмен қойғандай көрсетіп бергені белгілі.

Назарбаев дәуірінде алыстағы ауыл-аймаққа жібі түзу өрт сөндіру көліктері сатып алынбағаны жасырудың жөні жоқ.

Есесіне Назарбаев билігін қорғау үшін неше түрлі автозактар мен шерушілерді қуып тарқататын жабдықтардан Ескі Қазақстан ақшаны аяған жоқ.

Сол кезде биліктің сойылын соғатын «Нұр Отан» партиясының жылдық бюджеті төтенше жағдай саласымен салыстырғанда біршама көп екенін ақпарат құралдарынан оқыған едік.

Енді Жаңа Қазақстан сол олқылықтың орнын толтырмақшы.

Бүгін Үкімет резервтегі қаржыдан 918 млн теңге бөлініп, орман мен табиғи қорықтардағы өртке қарсы қызметке арнайы киімдерді әперуді көздеп отыр.


918 млн теңгемен бар мәселені шешіп тастау мүмкін емес. Бірақ ала-құла киініп, орман мен қорықтарды өрттен қорғап жүрген мамандарға үшін бұл үлкен көмек екені анық.

Үкімет бөлген қаржыға 30 табиғи қорғау, 16 орман шаруашылығы мекемесінде жұмыс істейтін төтенше жағдайлар қызметіне су жаңа өртке қарасы киімдер алатынын айта кетуіміз керек. Алдағы уақытта оларды қажетті техникамен де жарақтандыру керек!

 

Рекомендовать
Последние новости