Орыс тілінде ән салатын қазақ әншілерінің тыңдаушысы бар ма?

Dalanews 05 апр. 2016 06:37 1635

Кеңес заманында ғылым мен өнердегі мықтыларымыз Мәскеуді бағындыруға күш салатын-ды. Осы үрдіс кейбір салаларда әлі күнге дейін сақталуда. Бүгінде орысшаға жүйрік кейбір ғалымдарымыз Ресей арқылы әлемдік ғылыми қоғамдастыққа шығуды көздейді. Әрине, ғылымға қатысты орыстармен тізе қосып әрекет етуді түсінуге болады. Ал соңғы уақыттары Кеңестік жүйенің кесапатын көрмеген жас әншілердің Мәскеуден бір жылы сөз есту үшін өңешін созып, орысша ән салып жүргенін қалай түсінуге болады?

 

Мақпалдың арманы

dala men kala v (2)Орыс тілінде ән салып, Алла Пугачевадан бата алуды армандайтын жас әншілер бізде жетіп артылады. Олар – Мақпал Исабекова, Әлішер Кәрімов, Дильназ Ахмадиева. Реті келгенде орысша жорғалай жөнелетін Айқын Төлепбергенді де осы топқа қосуға болады. Бәрі Батырхан Шүкеновтің жолын қайталағысы келеді. Бірақ Ресейге қарай бүйрегі бұрып тұратын бұл әншілерді Ресей әншілері еш уақытта талантты әнші ретінде мойындаған емес.

Ресей шоу-бизнесінің Мадоннасы саналатын Алла апай Мақпалдың өнерін бағалаған-сып, емексітіп қойғанын білеміз.  Міне, содан бері Мақпал қыз орысша ән шырқауын үдете түскенін бәріміз білеміз. Соңғы уақыттары қазақшасынан гөрі орысшасы басым болып кеткені де жасырын емес.

Ресейдің кеудемсоқ саясаткерлері сияқты шоу-бизнестің құлағын ұстаған әншілері де орысша ән айтатын қазақ әншілерін азын-аулақ тары шашып, қасында жақын ұстағанды жақсы көреді. Ал біздің әншілеріміз болса, «біздің өнерімізді бағалады» деп мәз болып жүр. Шындығында орыс әншілері біздің өнерпаздарды еш уақытта мойындаған емес. Мойындамайды да. Ал мұны біздікілер түсінбейді.

 

Мәскеу бізге «өлшем» емес

dala men kala v (1)Қолымыз өз аузымызға жетіп, тәуелсіздікке ие болған қазіргі заманда Мәскеу бізге өлшем болмауы тиіс. Амал не? Орыс тілінің кесірінен әзірше әншілеріміз Мәскеудің қас-қабағын аңдып, соларға жіпсіз байланған.

Мақпал, Әлішер, Айқын – бәрі-бәрі қазақ тілін бір кісідей біледі. Бірақ олардың орыс тілінде ән салып, клип түсіруге құмартып тұратынын түсіну қиын болып тұр.

Рас, қалада туып-өскен жастар қазақтың төл өнерінің уызына қанып өскен «МұзАрт», Тоқтар мен Серік, Саят, Досымжандардың әндерін тыңдамайтын шығар.

Бұл ретте қала жастары орыс тілінде өңешін жыртып ән салып жүрген жас әншілерді тыңдап жүр деп айта алмаймыз. Олар батыс пен орыстың әншілерін тыңдайды. Біресе қазақша, біресе орысша ән салатын Мақпал мен Әлішер қала жастары үшін қызық емес. Со%

Рекомендовать
Последние новости