Оңтүстік Корея геологтары Қазақстанда құны 15,7 млрд доллар болатын литий кен орнын тапты

Dalanews 06 мар. 2024 21:14 4138



Оңтүстік Кореяның Геология ғылымдары ғылыми-зерттеу институты (KIGAM) Қазақстанда литий кен орнын тапқан және оны игеру жұмыстарын жалғастыруға ниетті деп хабарлайды Dalanews.kz baimedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кен орны Шығыс Қазақстандағы 1,6 шаршы шақырымдық пегматит алаңынан табылған. Бұрын бұл маңайда тантал өндірілген. Әдетте литий тантал өндірілген аймақта болады. KIGAM компаниясы Қазақстан Үкіметінің өтініші бойынша бұл аймақты өткен жылдың мамырынан бастап зерттеп келеді.

KIGAM компаниясы бұл аудандағы ресурстар құны 21 трлн вон (15,7 млрд доллар) екенін хабарлады. Себебі мұндаа табылған литийдің кейбір түрлерінің құндылығы 5,3 пайызға жеткен. Салыстырмалы түрде қазір KIGAM компаниясы Аустралияда өндіретін литий құндылығы 2,1 пайызды құрайды.

Литий – электромобильдер индустриясы үшін маңызды минералдардың бірі. Бұл өнім көліктердің аккумуляторын құрастыруда аса қажет.


Рекомендовать
Последние новости