"Неге бір-бірлеріңізге сілтей бересіздер?" Вице-министрдің жауабы депутатқа жақпай қалды

Сағыныш Сардарова 12 февр. 2024 14:00 1962

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров министрліктегі шенеуніктерге нақты сұрақ қойды. Алайда олардың жауабы депутаттың көңілінен шықпады. Әңгіме ормандарда қашан интернет пен ұялы байланыс қойылатынына қатысты болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Былтыр Абай облысында болған өрттен 14 адам опат болды. Депутаттың сөзінше, орманшылар әріптестерінің мерт болуына дәл осы интернет пен ұялы байланыс болмауы да әсер еткенін айтқан. Депутат Цифрлық даму және инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкіліне сұрақ қойып еді. Ал ведомство өкілі ормандарды интернетпен қамту мүмкін емес екенін, құтқарушыларға радио байланыс қажет екенін айтып, жауап берді. 

"Мен нақты сұрақ қойдым. Өкінішке қарай, сұрағыма жауап ала алмадым. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі сұрақты министрлікке бағыттады.

Енді вице-министр "Цифрлық даму министрлігі нақты не істейді?" деген сұраққа жауап бере алмай отыр. Сіздер неге бір-бірлеріңізге сілтей бересіздер?

Цифрлық даму министрлігіне "Орманның ішінде ертең тағы өрт болса, интернет және ұялы телефон бола ма, болмай ма?" деп нақты сұрақ қойдым... Осы сұраққа кім жауап береді?" - деді депутат.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев та бұл сұраққа келгенде тұтылды. Дегенмен интернет ұстамайтынын мойындады. 


Рекомендовать
Последние новости