Назарбаев: «Құрылыс біткен соң қытайдың бәрі кетеді»

Dalanews 15 окт. 2019 16:40 1052

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасына сұхбат беріп, жұртты толғандырған біраз сұрақтарға жауап берді. Сұхбат барысында Ұлт көшбасшысы еліміздегі өндірістерінің құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін Қытай азаматтарының бәрі еліне қайтатынын алға тартты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.  

Соңғы кезде ел тұрғындары арасында пада болған қытай фобиясына қатысты былайша үн қатыпты:

– Қытай бізді жаулап алады деген әңгімелерді естіп жүрмін. Қайда, кімді жаулап алды? Қазақстан жерін вагонға салып, бір жаққа алып кете ме?

Қытай билігімен келісімім бар, бірге өнеркәсіптер салған кезде үкімет қанша маманның келетінін көрсетіп қол қояды – құрылыс біткен соң олар кетеді.


Кезінде төраға Ху Цзиньтао маған былай деген: «Егер кетпесе, айтыңыз, бәрін кері алып кетеміз» деген болатын, – деді Н.Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.

Ол өзара өндірістердің кәсіпорынды көшіру емес, Қазақстанға маңызды және қажетті жобаларды салу екенін айтты.

Елбасының айтуынша, Қазақстан Жібек жолымен жүретін тауарлардың транзитінен жылына 5 миллион доллар табыс табады.

Рекомендовать
Последние новости