Науқастан тегін қызмет үшін ақша алған ақмолалық дәрігер сотталды

Көркем Алдабергенова 05 сент. 2025 14:43

Ақмола облысында пациент тегін көмек үшін 1,5 млн теңге төлеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көпсалалы аурухананың терапиялық бөлім меңгерушісі қант диабеті мен жедел коронарлық синдромы бар науқасты жалған медициналық қызметтер үшін ақша төлеуге мәжбүрлеген.

Дәрігер талап еткен ақшаның бір бөлігін бірінші күні, қалғанын келесі күні алған.

Айып жәбірленушінің көрсетулерімен, айыпталушының мойындауымен, сараптамалардың қорытындыларымен және табылған айғақтармен дәлелденді.

Сот ер адамның шын жүректен мойындауын ескеріп, оны екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Бұған қоса, оған үш жыл медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды.


Рекомендовать
Последние новости